03.11.2024
22:08
1169
Әлем чемпионаты: Ұлдана Таубай күміс жүлдеге ие болды

Әлем чемпионаты: Ұлдана Таубай күміс жүлдеге ие болды

Будвада бокстан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Ұлдана Таубай күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

66 келі салмақ дәрежесіндегі боксшымыз додада Түркия (4:1), Ресей (5:0), Румыния (екінші раундта) боксшыларын тізе бүктірген болатын. Өкінішке қарай, финалда Ұлдана Таубай Кайла Дойлға (Ирландия) жол берді. Төрешілер шешімімен есеп - 0:5.