10.09.2025
21:09
678
Әлем чемпионаты: Тағы бір боксшымыз жартылай финалға жолдама алды

Әлем чемпионаты: Тағы бір боксшымыз жартылай финалға жолдама алды

Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында тағы бір қазақстандық боксшы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

80 келіден жоғары салмақтағы былғары қылғап шебері Елдана Тәліпова ширек финалда жаңа зеландиялық Элин Даниэль Ли-Лоны айқын басымдықпен жеңді. Боксшы қыздың бұл жеңісінен кейін ұлттық құрама қоржынына кем дегенде қола медаль салынды. 

Енді Елдана Тәліпова 1/2 финалда Польша боксшысы Агата Кацмарскамен кездеседі. Жекпе-жек 12 қыркүйекте өтеді.