06.12.2025
21:05
5984
Әлем чемпионаты: Сабыржан Аққалықов қарсыласын нокаутпен жеңді

Әлем чемпионаты: Сабыржан Аққалықов қарсыласын нокаутпен жеңді

Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып жатқан әлем чемпионатының үшінші күнінде Қазақстан құрамасы кезекті жекпе-жектерін бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алғаш болып рингке шыққан 75 келі салмақтағы Сабыржан Аққалықов қарсыласының адымын аштырмай, жекпе-жекті екінші раундта нокаутпен аяқтады. Биылғы Әлем кубогының жеңімпазы бұл жолы Сейшель аралдарының боксшысы Джошуа Аарон Кузинмен қолғап түйістірді.

Кешкі бағдарламада Қазақстанның тағы үш боксшысы шаршы алаңға көтеріледі. 51 келіде Даниял Сәбит кениялық Кельвин Майнаны сынаса, 54 келі салмақтағы Сәкен Бибосынов Ботсвана боксшысы Катлего Кеорапецемен айқасқа түседі.

Күннің соңғы жекпе-жегінде 60 келіде ел намысын Серік Теміржанов қорғайды. Оның қарсыласы – Моңғолияның тәжірибелі боксшысы Цэндбаатар Эрдэнэбат.