Тиранада өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық грек-рим күресінің шебері Ержет Жарылқасын финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
63 келіде күресетін отандасымыз жартылай финалда ресейлік Садық Лалаевты уақытынан бұрын ұтты. Осылайша ол финалға шығып, енді Әзербайжан өкілі Нихад Мамадлимен өзара мықтыны анықтайды.
Ержет бүгінгі жарыстың бірінші айналымында Польша балуанымен кездесіп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті (9:0). Ал ширек финалда француз спортшысын 10:0 есебімен басым түсіп, жартылай финалға шықты.
Ал 55, 72, 82 келіде белдескен отандық балуандар іріктеу кезеңінде сүрінді.