Әлем чемпионаты: Непомнящий мен Лижэнь тағы тең түсті

27 Сәуір 2023, 19:30 618

Астанада шахматтан әлем чемпионатының 13-партиясы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл кезеңде де ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Динь Лижэнь тең түсті.

Бұл партияда гроссмейстерлердің басымдықты қолға алатын шамасы болатын, алайда ойын 39-жүрісте тең аяқталды. 13-партиядан кейінгі есеп – 6,5-6,5.

Келесі партия 29 сәуірде өтеді. Онда Непомнящий қара тастармен ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, матч 14 партиядан тұрады. Егер осы аралықта жеңімпаз анықталмаса, онда төрт партиядан тұратын тай-брейк ұйымдастырылады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: