Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұрымды боксшымыз 48 келіге дейінгі салмықтың 1/8 финалында венгриялық Лилла Селецкимен қолғап түйістірді.
Назым алғашқы раундтан-ақ тізгінді қолына алды. Тіпті, екінші үшминуттықта қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) әлем чемпионатының жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды.