27.11.2022
12:00
1673
Әлем чемпионаты: Испания - Германия матчының тікелей трансляциясы

Әлем чемпионаты: Испания - Германия матчының тікелей трансляциясы

2022 жылы Катарда өтетін футболдан әлем чемпионатында 27 қараша мен 28 қарашаға қараған түні төрт ойын өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

Астана уақытымен сағат 16:00-де Жапония - Коста-Рика, 19:00-де Бельгия - Марокко матчтары басталады. Екі ойында да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Сағат 22:00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында Хорватия - Канада матчының тікелей трансляциясы ұсынады.

Қарашаның 27-нен 28-іне қараған түні сағат 01:00-де Испания-Германия кездесуі басталады. Бұл суперматчты да екі телеарна – Qazaqstan және Qazsport көрсетеді.