Әлем чемпионаты: драмаға толы матчтар күтіп тұр

3 Қараша 2022, 18:01 3459

Финалдық кезеңге жолдама алған 32 елдің құрама командасы өзара мықтыны анықтайтын болады

20 қарашадан 18 желтоқсанға дейін әлем жұртының назары Қатарда өтетін Әлем чемпионатына ауатын болады. Финалдық кезеңге жолдама алған 32 елдің құрама командасы өзара мықтыны анықтайтын болады, деп хабарлайды El.kz.

Футбол бәсекесі басталам дегенше Әлем чемпионаты туралы қызықты статистиканы ұсынамыз.

Олимпиада ойындары секілді футболдан Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 4 жылда бір рет өтеді. Іріктеу кезеңінде 200-ден аса ел өзара мықтыны анықтайды.

1938-2002 жылы аралығында Әлем чемпионатының жеңімпаз командасы финалдық турнирде іріктеуден өтпей қатысса, 2006 жылдан бастап іріктеуден өтуген міндеттелді. 1930 жылдан бері (Екінші дүниежүзілік соғысқа байланысты 1942 және 1946 жылы үзілісті қоспағанда) тұрақты өткізіліп келеді және спорттың өзге түрімен салыстырғанда көрерменді көптеп тартуымен ерекшеленеді. Мәселен, 2006 жылғы Әлем чемпионатында 715,1 миллион көрермен тамашалады.

Әлем чемпионатының тарихын зерделесек, 8 ел чемпион атанғанын білуге болады. Бразилия ең көп титулға ие. Оңтүстікамерикалық құрама 5 рет тұғырдың биігінен көрінді. Италия мен Германия 4 рет чемпион атанды. Аргентина, Уругвай және Франция екі рет, Англия мен Испания құрамасы бір рет үздік команда ретінде мойындалды. Уругбайда өткен алғашқы турнирге Еуропадан Франция, Бельгия, Румыния және Югославия құрамасы қатысса, қалғаны америкалық ұжымдар болды. Одан кейінгі чемпионатта Еуропа елдерінің саны артып, Латын Американың құрама командаларына негізгі бәсекелес болды. Мәселен, Еуропа құрамалары әлем чемпионатын 12 рет, Оңтүстік Америка құрамалары 9 рет жеңіске жетті.

Ең көп финалға Германия (Германия) шықты – 8 рет. Одан кейінгі орында Бразилия құрамасы 7 рет. Финалға шығу саны бойынша үшінші (6 рет) итальяндық құрамаға тиісі. Әзірге Азия мен Африка құрлығының елдері чемпиондық атақты айтпағанның өзінде, үздік үштікке ену бұйырмай тұр. Тек 2002 жылы өткен Әлем чемпионатында Оңтүстік Корея үздік төрттікке енді.

1970 жылы Мексика өткен чемпионаттың финалына Бразилия мен Италия шықты. Ол кезде екі құрама команда да 2 реттен чемпион болған-ды. Сосын 1994 жылы екі құрама финалда тағы кездесті. Қызығы, бұл жолы Бразиялия да, Италия да 3 реттен жеңіске жеткен-ді. Екі финалдық кездесуде бразилиялықтар ұтты. 2010 жылға дейін еуропалық командалар Еуропада өткен чемпионатта ғана жеңіске жетті. 2010 жылы Оңтүстік Африкада өткен турнирде Испания құрамасы үздік шығып, дәстүрді бұзды.

2014 жылы Германия құрамасы Бразилияда өткен чемпионатта жеңіске жеткен алғашқы еуропалық команда болды. 1958, 2002, 2010 және 2014 жылдардағы чемпионаттарды қоспағанда, жеңімпаз ел чемпионат өткен континентке тиесілі болды.

Италия (1934, 1938) және Бразилия (1958, 1962) қатарынан 2 рет үздік атанып, чемпиондық атағын қорғай алды. Еуропалық команда Италия (2006), Испания (2010), Германия (2014), Франция (2018) рет дараланды. Турнир қожайыны әлем чемпионатында 6 рет жеңіске жетті. Уругвай (1930), Италия (1934), Англия (1966), Аргентина (1978) және Франция (1998) өз елінде алғаш рет жеңіске жетті. Тек Германия (1954), Бразилия (1958) және Испания (2010) құрамасы сырт алаңында алғаш рет әлем чемпионы атанды. Ең өкініштісі, Нидерланды құрамасы (1974, 1978, 2010) үш рет финалға шығып, сәтсіздікке ұшырады.

Спорт сарапшылары 2022 жылы Қатарда өтетін Әлем чемпионатының негізгі фоворитіне Бразилия, Франция, Англия, Аргентина, Испанияны жатқызады. Менің ойымша, Германияны санаттан шығаруға болмайды. Нидерланды сәтсіздік сериясын тоқтатқысы келетіні анық. Белгия командасы да кемеліне жеткен ұжым. Бізді дарамаға толы матчтар күтіп тұр.

Нұрлат Байгенже
Бөлісу: