6 желтоқсан күні Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында төрт бірдей қазақстандық боксшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Күндізгі сессия Астана уақытымен 18:00-де басталады. Осы бөлімде 75 келі салмақтағы Сабыржан Аққалылықов рингке көтерілмек. Оның Сейшел аралдарының өкілі Джошуа Аарон Кузинге қарсы жекпе-жегі шамамен 20:45-те өтеді.
Кешкі сессия 22:00-де басталады. Бұл кезеңде бірден үш боксшымыз ел намысын қорғайды:
Сағат 22:30-да Сәбит пен Бибосыновтың кездесулері қатар өтеді:
Қазақстандықтар сапында Серік Теміржанов күнді қорытындылайды. Ол Моңғолия боксшысы Цэндбаатар Эрдэнэбатпен кездеседі. Бұл жекпе-жек шамамен 00:15-те басталады.