11.09.2025
00:10
672
Әлем чемпионаты: Аида Әбікеева жартылай финалға өтті

Әлем чемпионаты: Аида Әбікеева жартылай финалға өтті

Қазақстандық Аида Әбікеева бокстан Ливерпульдегі әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақ спортшысы 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр. Ол ширек финалда Олимпиада чемпионы, түркиялық Бусеназ Сюрменелимен кездесті. Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ қарсыласын тығырыққа тіреді. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Аида Әбікеева (65 келіге дейін) кем дегенде әлем чемпионатының қола медаль иегері атанды.

Келесі жекпе-жек 12 қыркүйекте өтеді. Қарсыласы - Грэйн Мари Уалшпен (Ирландия).