24.11.2025
14:11
496
Әлем балетінің жұлдыздары Қазақстанда бас қосты

Әлем балетінің жұлдыздары Қазақстанда бас қосты

Классикалық және заманауи балет жұлдыздары Almaty Theatre және Astana Ballet сахналарында өнер көрсетті.

Фестиваль «Астана Опера» театры ұсынатын «Пахита» балетімен ашылса, екінші бөлімде Қазақстанда Berlin Ballet Company ұжымы CHOREO X бағдарламасымен алғаш рет өнер көрсетті. Бұл бағдарламада Марко Гёкке (Marco Goecke), Начо Дуато (Nacho Duato), Анжелен Прельжокаж (Angelin Preljocaj), Аршак Галумян (Arshak Ghalumyan) және басқа да хореографтардың жаңаша көзқараста ұсынылған қойылымдары қамтылған.

Ал фестиваль қарсаңында Freedom Finance Global директорлар кеңесінің төрағасы Сергей Лукьянов, American Ballet Theatre (Нью-Йорк) труппасының прима-балеринасы Хлоя Миссельдайн (Chloe Misseldine) және Staatsballett Berlin труппасының премьері Мартин тен Кортенаардың (Martin ten Kortenaar) қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

Freedom Festival өнерді, өзіндік болмысты және балетке деген батыл көзқарасты біріктіретін дәстүрге айналды. Биыл біз классика мен заманауи хореографияны, қазақстандық әртістер мен шетелдік труппаларды тоғыстыра отырып, үйреншікті шекараларды кеңейтеміз. Мұндай үндестік фестивальдің негізі – өнердің тірі тынысын, диалогқа, шабыт пен бірігуге деген ұмтылысымызды көрсетеді, – дейді Сергей Лукьянов, Freedom Finance Global директорлар кеңесінің төрағасы.

Дәстүр бойынша фестиваль аясында заманауи өнер көрмесі де өтті. Биылғы фестивальдің арнайы қонағы – халықаралық арт-сахналарда Қазақстан мен Өзбекстан атынан  шығып жүрген танымал суретші Азиза Шаден. Ол Өзбекстан Мәдениет пен өнерді дамыту қорының қолдауымен жасалған, алғаш рет Бұхара Биенналесінде көрсетілген бейнеинсталляциясын ұсынды. Бұл жұмыс Қазақстанда алғаш рет көрсетілді.