Алексей Ниге қатысты соңғы шешім шықты

7 Қараша, 15:33 402

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ниге қатысты түпкілікті шешім қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол енді өмірінің соңына дейін жаттықтырушы бола алмайды.

Мұндай шешімді Халықаралық олимпиада комитетінің бастамасымен 2017 жылы құрылған Тестілеу жөніндегі халықаралық агенттік (ITA) қабылдаған. Нидің мұндай жаза алуына Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Ниджат Рахимовтің допингпен ұсталуы себеп болды. ITA шешімі түпкілікті қабылданды.

Ал құрамада аға бапкер болған оның бауыры Виктор төрт жылға спорттан шеттетілмек.

Алексей Ни Қазақстан ұлттық құрамасын 1994 пен 2016 жылдар аралығында баптаған. Рио Олимпиадасынан кейін ресми түрде орнын босатты. 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: