Александра Ле маусымдағы үздік нәтижені көрсетті

3 Маусым, 16:12 442

Германияның Мюнхен қаласында нысана көздеуден маусымдағы соңғы Әлем Кубогының кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

10 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеу:

Ұлттық құрама спортшысы Александра Ле 632 ұпаймен 12-орыннан көрінді. Оның финалға шығуына 0,6 ұпай, ал Қазақстан рекордын тіркеуіне 0,7 ұпай жетпей қалды. Александра биыл наурызда Шымкентте өткен ел чемпионатында тура осыған жақын нәтиже көрсеткен (630.2). 

Қазақстан рекордының иесі - Елизавета Безрукова (632.7 балл). 

Іріктеу кезеңіндегі әлем рекордын осы сында Ханчжоудағы Азия ойындары мен әлем чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы Хуан Ю Тин тіркеді (635.3 балл).
Қалған спортшыларымыздың көрсеткіші:
Елизавета Безрукова - 36-орын (629.3 балл)
Арина Алтухова - 77-орын (626.2 балл)
София Шульженко - 106-орын (622.2 балл)

Әйелдер арасында бұл бағдарламада 148 мерген сынға түсті. Александра - биыл халықаралық жарыстарда әйелдер арасында ең көп ұпай жинаған мерген.

Винтовкамен нысана көздеуде команда сапында ерлерден үздік нәтижені Ислам Сатпаев көрсетті (629.3 ұпай). Ол жарысқа қатысқан 118 мергеннің ішінде 29-орынға тұрақтады. Одан кейін Константин Малиновский (54-орын), Никита Шахторин (92-орын), Матвей Тимофеев (102-орын).

Айта кетейік, бүл кезеңге 88 мемлекеттен 612 үздік спортшы келді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: