Александр Усик ауыр салмақта үздік боксшыны атады

12 Маусым, 07:13 447

Абсолютті әлем чемпионы Александр Усик бокс тарихында ауыр салмақтың үздігі кім екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Украиналық былғары қолғап шебері Мұхаммед Әлиді мықты боксшы деді.

«Бокс тарихындағы үздік хевивейтер кім дейсіз бе? Мұхаммед Әли», — деп жауап қатты Усик.

19 мамырға ауған түні Александр Усик (22-0, 14 КО) британиялық Тайсон Фьюриді (34-1-1, 24 КО) жеңіп, аса ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атағына қол жеткізді.  

Перизат Саденова
Бөлісу: