09.10.2023
23:52
1151
Александр Недовесов әйгілі турнирдің ширек финалына өте алмады

Александр Недовесов әйгілі турнирдің ширек финалына өте алмады

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Александр Недовесов Шанхай мастерс турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

 А.Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге екінші айналымда жарыстың 2-ракеткалары, нидерландтық Уэс Колхоф – ұлыбританиялық Нил Скупскимен шеберлік байқасты.

Бірінші партия тартысты өрбіп, тай-брейкте Колхоф – Скупски сәттірек ойнады – 7:6 (7:2). Олар екінші сетте де есесін жібермеді – 6:4.

Бір жарым сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Эскобар 5 эйс қана жасай алды. Қарсылас жұп 3 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды.

Осылайша, Шанхай мастерс додасында Қазақстаннан ешкім қалған жоқ. Михаил Кукушкин мен Бейбіт Жұқаев жекелей сында кеше қарсыластарына жол берді.