Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Кицбюэль (Австрия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Доданың 4-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда монаколық Ромен Арнеодо – австриялық Сэм Вайссборнмен кортқа шықты.
Бірінші партияда қазақстандық-эквадорлық дуэт 6:3 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте де олар 2:0 есебімен алға шықты. Тағы бір брейк – 5:2.
Сосын матчты жеңіспен түйіндеді – 6:2. Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында 3 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.
Александр Недовесов пен Гонсало Эксобар финалға шығу үшін жарыстың 2-ракеткалары, италиялықтар Симоне Болелли – Андреа Вавассори немесе португалиялық Франсишку Кабраль – бразилиялық Рафаэль Матос жұптарының қай жеңгенімен кездеседі.