Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Кицбюэль (Аустрия) ATP 250 турнирінің финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық спортшы эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге соңғы бәсекеде жарыстың 1-ракеткалары, аустриялықтар Александр Эрлер – Лукас Мидлермен кездесті.
Аустриялық дуэт 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық тұғырға көтерілді.
Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында Недовесов пен Эскобар 5 эйс жасап, өкінішке қарай, 3 брейк-пойнтты пайдалана алмады. Қарсыластарына 3 эйс, 2 брейк (12 брейк-пойнт) жеткілікті болды.
Қазіргі кезде А.Недовесов әлемдік рейтингіде 45-тен бір саты жоғарылап тұр.