Александр Клебанов Екібастұздағы жылу орталығының жағдайы туралы айтты

2 Желтоқсан 2022, 20:02 1449

Кәсіпорынның барлық қызметкерлері алғашқы күнінен бастап апаттың салдарын жоюға күш жұмсаған

"ОАЭК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қала тұрғындарына үндеу жолдаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Клебановтың айтуынша, ол және кәсіпорынның барлық қызметкерлері алғашқы күнінен бастап апаттың салдарын жоюға күш жұмсаған. Қазандық жұмысының тоқтап қалуына жылу желілерінің бұзылуы себеп болыпты. Ол ақауды реттеу үшін қолы бос барлық мамандар жұмылдырылған. Одан бөлек басқа өңірлердегі жұмысшылар да көмекке тартылыпты. Сондай-ақ Александр Клебанов ел арасындағы түрлі әңгімелерге де жауап бере кеткен.

"Желіде біз Екібастұз ЖЭО-сын мемлекеттің меншігінен алды деген теріс пікірлер кездеседі. Бірақ, бұл шындыққа жанаспайды. Себебі біз бұл активті 2008 жылы жеке компаниядан сатып алдық", - дейді ол.

Басшының айтуынша, жылу желілерінің тозу мәселесі бұған дейін бірнеше рет көтерілген екен. Алайда, компания тұтынушылар үшін белгіленген тарифтік бағаны көтере алмапты. Сол себепті де кәсіпорын шығынға батқан. Мекеменің кірісі тіпті станцияны қамтамасыз етуге де жетпеген екен.

"Бұдан кейін ЖЭО-ны толық немесе ішінара жаңғырту туралы айтпасақ та түсінікті. Бұл жай ғана сөздер емес. Бұның бәрі қаржылық есеппен расталатын деректер", - дейді Клебанов.

Сондай-ақ ол ЖЭО-ны мемлекет меншігіне өткізу мәселесін де қозғай кетіпті.

"Бірнеше жыл қатарынан ЖЭО-ны қала қарамағына беруге ұсыныс білдірдік. Қазіргі жағдайды ескере отырып, біз "Екібастұзтеплоэнерго" капиталына мемлекеттің де қатысу мүмкіндігін қарастыруға дайынбыз", - дейді Александр Клебанов.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@elkz_portal)

EL.KZ
Бөлісу: