Әлемнің 21-ракеткасы, аргентиналық теннисші Франсиско Серундоло Австрияның Вена қаласында өтіп жатқан ATP-500 санатындағы турнирдің екінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жарыстың алғашқы айналымында ол америкалық Алекс Михельсенді (ATP рейтингінде – 34-орын) 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңді.
Кездесу 1 сағат 8 минутқа созылды. Серундоло матч барысында бірде-бір эйс жасай алған жоқ, бірақ қос қателік те жібермеді. Сондай-ақ ол 5 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Енді аргентиналық теннисші ширек финалға жолдама алу үшін қазақстандық Александр Бубликпен кездеседі.