22.02.2024
21:35
1271
Александр Бубликтің Доха турниріндегі екінші кездесуі сенсациямен аяқталды

Александр Бубликтің Доха турниріндегі екінші кездесуі сенсациямен аяқталды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик  Дохада өтіп жатқан Tickets Qatar ExxonMobil Open 250 жекелей турнирінде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасап  El.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз кортта аустралиялық теннисші Алексей Попыринмен (әлемнің 46-шы ракеткасы) кездесіп, екі сетте 4:6, 4:6 жалпы есебімен жеңілді. Ойын турнирдің ширек финалдық кезеңінде өтіп, 1 сағат 17 минутқа созылды.

Матч барысында Александр Бублик екі рет қате жіберді. Сондай-ақ қазақстандық теннисші қатарынан төрт ұпай жинап, екі гейм жасады.

Айта кетейік, аустралиялық теннисші Алексей Попырин жартылай финалда Эмиль Руусувуори (Финляндия) - Карен Хачанов (Ресей) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Оқи отырыңыз: