04.06.2025
23:15
1910
Александр Бублик «Ролан Гарростағы» жорығын аяқтады

Александр Бублик «Ролан Гарростағы» жорығын аяқтады

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Франция ашық чемпионатының («Ролан Гаррос») ширек финалында әлемдік рейтингтің көшбасшысы, италиялық Янник Синнерден жеңілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ATP рейтингінде Бублик қазіргі уақытта 62-орында тұрса, Синнер – әлемнің бірінші ракеткасы.

Бұл кездесу 1 сағат 50 минутқа созылып, италиялықтың пайдасына шешілді – 6:1, 7:5, 6:0.

Осылайша, турнирдегі соңғы қалған қазақстандық теннисші жарыспен қош айтысты. Бұған дейін Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева да турнир жолынан шығып қалған болатын.