Қазақстандық теннисші Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Екі сетке созылған тартысты финалда отандық спортшы финалда француз Валентен Руайені 7:6(4), 7:6(4) есебімен жеңіп, маусымдағы төртінші титулына қол жеткізді.
Айта кетсек, бұған дейін Александр Бублик Галле, Гштаад және Кицбюэль турнирлерінде топ жарған еді.