Александр Бублик Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты

23 Маусым 2023, 06:36 940

Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Халледе (Германия) өтіп жатқан ATP 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерлесіміз екінші айналымда әлемнің 21-ракеткасы германиялық Ян-Леннард Штруффты 6:3, 6:7 (4:7), 6:3 есебімен ұтты.

Бұл матч 2 сағат 16 минутқа созылды.

Қазақстандық теннисші матч кезінде 23 рет эйс жасап, 14 брейк-пойнттың төртеуін сәтті жүзеге асырды.

Александр Бублик ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы 21 жастағы италиялық теннисші Янник Синнермен бақ сынасады.

Берік Арманов
Бөлісу: