Александр Бублик АТР 500 турнирінің финалына шықты

24 Маусым 2023, 20:33 868

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик (әлемнің 48-ракеткасы) Германияның Галле қаласында өтіп жатқан турнирде финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жартылай финалда Бублик жергілікті теннисші Александр Зверевпен кездесті (әлемнің 22-ракеткасы).

Қазақстандық екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті ­– 6:3, 7:5. Кездесу бір сағат 27 минутқа созылды.

Енді Бублик финалда Баутиста-Агут ­– Рублев жұбының жеңімпазымен кездесті.

Бұған дейін ол ширек финалда әлемнің тоғызыншы ракеткасы Янник Синнерді жеңген болатын

Берік Арманов
Бөлісу: