«Заң және тәртіп» - қоғамдағы өзекті құқықтық проблемаларды терең талқылайтын подкаст. Бүгінгі шығарылымда біз көпшілікті алаңдататын және күн сайын жаңа формаларға еніп отырған алаяқтық тақырыбын сөз еттік. Қаржы технологияларының дамуы, электронды төлемдер мен цифрлық сервистердің кеңеюі азаматтарға жаңа мүмкіндіктер бергенімен, қаскөйлердің әдіс-тәсілдерін де күрделендіріп отыр. Бағдарлама қонақтары заңгер Ғалым Жолдасбай және Асылбек Әбдірайымов қазіргі таңда жиі кездесетін алаяқтық түрлері, интернет пен телефон арқылы жасалатын алдау схемалары, жалған инвестициялық платформалар, әлеуметтік желідегі фейк парақшалар және жеке деректердің қауіпсіздігі жөнінде кеңінен талқылады. Сарапшылар ҚР Қылмыстық кодексіндегі алаяқтыққа қатысты баптарды түсіндіріп, азаматтардың құқықтарын қалай қорғау керектігі жөнінде нақты мысалдар мен практикалық кеңестер берді. Шығарылым барысында алаяқтың құрбаны болмаудың жолдары, күдікті әрекеттерді анықтау тәсілдері, құқық қорғау органдарына шағым беру тәртібі және залалды өндіріп алу мүмкіндіктері қарастырылды. Сондай-ақ сарапшылар қаржылық сауаттылықтың, цифрлық мәдениеттің және сақтық шараларының маңызын атап өтті. Алаяқтықтан қорғану жайлы толығырақ білу үшін шығарылымды көріп, тәжірибеңіз бен пікіріңізді бөлісіңіз._____________________________________