«Алдап шақырды»: Алтынай Жорабаева тосынсыйға ие болды

22 Қазан, 17:31 13771

Қазақстандық танымал әнші Алтынай Жорабаеваға құрбысы туған күні қарасаңында Lexus маркалы көлік сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өнер иесі мұндай сыйлық күтпегенін жеткізді.

Мен шокпын. Төлеу мен Индира өзімізге Lexus аламыз деп алдап шақырыпты. Сөйтсем, менің туған күніме сыйлық екен. Машинаның артына гүл қойып, “Алтынай әпке, мына машина сіздікі” деп жазып қойыпты. Кешке кішігірім атап өтеміз. Ет асып жатырмын, – деді әнші. 

Тосынсый жасаған әншінің құрбысы Индира Жақыпова жантебірентерлік жазба жариялады. 

Нөлден бастағалы қасымда жүрген, туғанымдай болып кеткен жанашыр әпкемді жылатып алдым. Әпке, сізге не сыйласам да лайықсыз ғой. Басыма небір сынақтар келгенде, кімнің кім екені көрінгенде қасымда қалған жалғыз жанашырым өзіңіз болдыңыз. Менен қолдауыңызды аямадыңыз! Маған деген аппақ көңіліңіздің қасында дүние деген не ол?! Сыйластығымыз арта берсін!, – деп жазды блогер. 

 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: