Алдағы үш жылда жыл сайын Ұлттық қордан 2 триллион теңге алынбақ

30 Қазан, 10:47 433

Мәжілісте Ұлттық қордан 2025–2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

 Сіздердің қарауларыңызға «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заң жобасы енгізіледі. Заң жобасы бюджет кодексінің ережелері негізінде әзірленді. Бұл ретте, кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджеттік қағидаларға сәйкес анықталған, - деді премьер-министрдің орынбасары әрі Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Оның айтуынша, аталған заң жобасында мұнайдың кесімді бағасы 2025 жылы барреліне 42,3 доллар, 2026-2027 жылдары барреліне 41 – 39,4 доллар деңгейінде белгіленді. 

Осыны ескере отырып, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері 2025-2027 жылдарға жыл сайын 2 триллион теңге көлемінде айқындалды. Осы уақыт аралығында Ұлттық қордың таза валюталық активтері болжам бойынша 2025 жылы 62,2 миллиард доллар, 2026-2027 жылдары 69,9 – 78,7 миллиард доллар қарастырылды, - деді министр. 

EL.KZ
Бөлісу: