02.08.2023
12:51
1774
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазгидромет 3-5 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Таяу күндері Қазақстан аумағында ауа райында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, найзағай мен жаңбыр сақталады, республикамыздың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, екпінді жел, бұршақ және дауыл күтіледі.

Еліміздің батыс өңірлері жоғары қысым алқабында болғандықтан, ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болжанбайды.