Алдағы күндері Қазақстан аумағына Атлантикалық циклон және онымен байланысты фронталды бөліктер ықпал етеді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді.
Осыған байланысты күзгі құбылмалы ауа райы әлі де сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында қарға ұласады.
«5 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында – қатты қар, 6 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 07-08 қарашада елдің оңтүстік облыстарында нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, өңірдің солтүстік жартысында қарлы боран болады. 7 қарашада Солтүстік-батыс антициклонының енуімен республиканың батысында жауын-шашын тоқтайды», - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Ауа температурасы:
батыста түнде 5 аяз-5 жылы, күндіз 0-10 жылыдан 2 аяз – 5 жылыға дейін біртіндеп төмендейді;
солтүстік-батыста, солтүстікте түнде 6 аяз-5 жылыдан 0-8 аязға дейін, күндіз 3 аяз-5 жылыдан 5 аяз -2 жылыға дейін аздап төмендейді;
шығыста түнде 3 аяз-5 жылыдан 7 аяз -2 жылыға дейін, күндіз 5-11 жылыдан 3 аяз -5 жылыға дейін аздап төмендейді;
орталықта түнде 0-8 аяз, күндіз 3 аяз - 5 жылы;
оңтүстікте түнде 0-10, күндіз 3-12 жылы;
оңтүстік-шығыста түнде 0-8 жылы, таулы аудандарда 0-5 аяз, күндіз 10-15, таулы аудандарда 3-8 жылы болады деп күтілуде.