17.02.2025
16:58
982
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Қазгидромет 18-20 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфералық фронтальді бөлімдердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде боранмен қар жауады, республиканың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Сондай-ақ бүкіл республика бойынша көктайғақ, желдің күшеюі және тұман күтіледі.

Температура фоны тұрақты болып қалады, күрт өзгерістер болжанбайды.