25.11.2024
17:20
1144
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мамандардың деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 26, 27 және 28 қарашада Қазақстан бойынша тұрақсыз ауа райы күтілуде. Еліміздің оңтүстігінде желдің екпіні секундына 28 метрге жетеді.

Метеорологтардың мәлімдемесіне сүйенсек, республиканың басым бөлігінің ауа райын ауқымды антициклон анықтайтын болады, сол себептен жауын-шашынсыз ауа-райы болжанады.

Тек батыста, оңтүстік-батыста және оңтүстіктің таулы аймақтарында, 28 қарашада күндіз еліміздің солтүстігінде және орталығында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ болжанады.