16.07.2025
18:16
13917
Алдағы үш күнде ауа райы күрт салқындайды

Алдағы үш күнде ауа райы күрт салқындайды

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты найзағайлы жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазгидромет мәліметінше, 17 шілдеде – батыста, 18 шілдеде – солтүстік-батыста, 18-19 шілдеде – солтүстікте, 19 шілдеде – республиканың орталығында қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Алдағы күндері еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында өте қатты ыстық 41-44°С дейін, оңтүстік-шығысында 42-43°С дейін күтіледі. 17 шілдеде солтүстік-батыста, 18 шілдеде республиканың орталығында 40°С дейінгі ыстық болжанады. 18-19 шілдеде еліміздің оңтүстігінде 45-46°С дейін аптап ыстық күтіледі.

Период соңында солтүстік өңірлерде түнгі температура 8-18°С дейін, күндізгі температура 17-25°С дейін төмендейді.