28.11.2022
12:38
2223
Алдағы үш күнде 43 градусқа дейін аяз болады

Алдағы үш күнде 43 градусқа дейін аяз болады

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, 29-30 қарашада елдің шығыс аймақтарына суық солтүстік антициклон әсер етіп, аяз сақталады.

«Ауа температурасы түнде елдің батысында 5-15 градус аяз, солтүстік-батыста 10-28 градус аяз, солтүстік өңірлерде 15-25 градус аяз, елдің орталығында 5-20 градус аяз, республиканың шығысында 33-43 градус аяз, кезеңнің соңында 20-30 градусқа дейін аяз сақталады. Оңтүстікте 7 градус аяз бен 3 градус жылының арасында, оңтүстік-шығыста 5-15 градустан 0-8 градус аязға дейін болады», - делінген хабарламада.