13.01.2025
13:52
729
Алдағы күндері жел күшейіп, тұман түседі

Алдағы күндері жел күшейіп, тұман түседі

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа-райын атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады, бұл ауа-райының тұрақсыз сипатына алып келеді, боранмен қар жауады, елдің батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Республиканың оңтүстік-шығысында антициклонның арқасында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша температуралық фон түнде батыста 0-8 аяздан елдің солтүстігі мен шығысында 10-25 аязға дейін, күндіз 5 аяздан-5 жылудан 2-10 аязға дейін, елдің оңтүстігінде түнде 1-13 аяз, күндіз 0-12 аязға дейін өзгереді.

 ҚР бойынша жел күшейіп, тұман түседі күтіледі.