Алдағы күндері жаңбыр жауып, жел күшейеді

3 Сәуір 2023, 15:55 933

Синоптиктер алдағы күндердегі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

5-6 сәуірде Қазақстанның батыс және оңтүстік өңірлерінде жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын, ал оңтүстігінде, оңтүстік – шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Таймыр аудандарынан жылжыған солтүстік циклонның әсерінен 6 сәуірде Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады деп күтілуде. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік аймақтарында шаңды дауыл мен найзағай, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі, - делінген Қазгидромет хабарламасында.

EL.KZ
Бөлісу: