Алдағы күндері жаңбыр жауып, жел күшейеді

15 Наурыз 2023, 16:11 981

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде жоғары қысым алқабымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың орталығында, солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен жауын-шашын, негізінен қар түрінде болады. 16 наурызда күндіз Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында, 17-18 наурызда тәулік бойы еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, - делінген ақпаратта.

Қазақстан бойынша тұман болжанады. Температуралық фонға келетін болсақ, айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, тек еліміздің оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде 0-8 градус суық, күндіз 0-7 градус жылы болады.

EL.KZ
Бөлісу: