Алдағы күндері тұрақсыз ауа райы сақталады

9 Ақпан 2023, 06:08 961

Елдің басым бөлігіне «оңтүстік» циклоны әсер етеді

9-11 ақпан күндері елде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ел аумағының басым бөлігінде, атап айтқанда, оңтүстік және шығыс облыстарда «Оңтүстік» циклонының әсерінен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 9 ақпанда қатты жауын-шашын, 10 ақпанда қалың қар, көктайғақ күтіледі.

Республика бойынша тұман, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі. 11 ақпанға жақын батыс антициклонының екпіні оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарға ауысып, жауын-шашын бірте-бірте тоқтайды. Түнгі температураның 8-21 аязға дейін төмендеуі күтіледі, - делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: