Алдағы күндері тұрақсыз ауа райы күтіледі

18 Қазан, 13:47 518

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республика бойынша тұман, жел күшейеді, солтүстік аудандарда – көктайғақ, оңтүстікте – найзағай күтіледі.

Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасының күндіз 5-13 жылыға дейін, шығыста, орталықта 8-18 жылыға дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 15-22 жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: