Алдағы күндері тұрақсыз ауа райы күтіледі

31 Шілде, 16:07 383

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндері ауа райы тұрақсыз болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Республика бойынша өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі және жел күшейеді. Еліміздің солтүстік жартысында қатты жаңбыр, бұршақ, қатты дауыл болжануда. Еліміздің оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз болады.

Еліміздің батысында күндізгі уақытта ауа температурасы +31+36°С дейін жоғарыласа, республиканың қалған аумағында температураның біртіндеп төмендеуі күтіледі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: