Алдағы күндері қатты жауын-шашын күтіледі

8 Сәуір, 13:30 1602

Республика аумағының басым бөлігі әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, осыған байланысты жауын жауады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктер қатты жауын-шашын 9 сәуірде еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында, 9-11 сәуірде шығыста, 11 сәуірде орталығында күтілетінін болжап отыр. Сондай-ақ жел күшейеді, оңтүстік аймақтарда найзағай ойнап, бұршақ жауып, қатты жел болады.

Күндіз республиканың солтүстігінде ауа температурасы 0-8 градус жылы, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта 5-15 градус жылы, батыста және оңтүстікте 15-23 градус жылы болады.

Қазақстан бойынша түнде және таңертең тұман түседі.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: