12.07.2024
17:20
1409
Алдағы күндері қатты жаңбыр жауады

Алдағы күндері қатты жаңбыр жауады

Алдағы күндері Қазақстанның ауа райына оңтүстік циклон әсер етіп, өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тек еліміздің солтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығыстында, орталығында және солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.

Сондай-ақ 13 шілдеде елдің батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Бұдан бөлек, Қазақстан бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және жел күшейеді деп болжанған.

Метеорологтардың мәліметінше, оңтүстікте ауа температурасы күндіз +20...+35°С дейін төмендеуі күтіледі, қалған аумақтарда күрт өзгерістер болмайды.