19.11.2025
14:06
487
Алдағы күндері қар жауып, боран соғады

Алдағы күндері қар жауып, боран соғады

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде төменгі қарлы боран мен көктайғақ байқалады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ 22 қарашада батыс пен солтүстік-шығыста антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Республика бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.