«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, 12, 13 және 14 маусым күндері елімізде жазға тән жылы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алайда, аптап ыстықпен қатар, елдің солтүстігі мен оңтүстігінде өткінші жаңбыр, найзағай, кей жерлерде желдің күшеюі мен бұршақ жаууы ықтимал.
Мамандар тұрғындарға ауа райының өзгерістеріне дайын болуды және күннен, найзағайдан, күшті желден сақтануды ескертеді.
Бқған дейін ыстық күнде сусыздануды қалай анықтауға болатынын жазған едік.