Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде -35 градус аяз болады

21 Желтоқсан 2022, 14:32 1074

Алдағы күндері -35 градус аяз болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 22-24 желтоқсанға ауа райы болжамында мәлімдеді.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі. 

Жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар Атлантикалық циклонымен қар, бұрқасын, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с қүтіледі, еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – көктайғақ болжанады. 

Атмосфералық жоғары қысым алқабымен тек еліміздің батысы мен оңтүстігінде негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. 

Синоптикалық процестердің тез ауысуымен температурасының күрт өзгеруі күтіледі. Атап айтқанда еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасыны 23 желтоқсанда түнде 20-35 градусқа дейін төмендейді, ал 24 желтоқсанда түнде 5-20 аязға дейін жоғарылайды. 

EL.KZ
Бөлісу: