Алдағы күндері елімізде ауа райы қалай болады

5 Қараша, 08:27 424
"Қазгидромет" Қазақстанда 5-7 қараша күндері аралығында ауа райының қандай болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат  агенттігі. 
 
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн салқындап, жаңбырдың соңы қар жаууға ұласуы мүмкін. 
"Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын жауады, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады, екпінді жел тұрып, тұман түседі", - деп хабарлады "Қазгидромет". 
Ал 5 қарашада батыс өңірде, 6 қарашада солтүстікте, 6-7 қарашада шығыста, оңтүстік, оңтүстік- шығысында қатты жауын-шашын түсуі ықтимал. 5 қарашада солтүстік, солтүстік-батыс аймақтарда ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіліп отыр.
Зарина Арман
Бөлісу: