21.08.2024
13:43
933
Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді

Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді

Синоптиктер алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның солтүстігі арқылы жылжып келе жатқан белсенді циклон жаңбыр жаууына себеп болады, жекелеген аудандарда қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді және бұршақ жаууы мүмкін.

23 тамызда циклонның соңынан антициклон ене бастайды. Суық ауа массасы келіп, оңтүстік аймақтарда ауа температурасы +23+28°C дейін төмендеуі күтіледі.