23.01.2023
20:05
1368
Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

 «Қазгидромет» РМК 24-26 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Синоптиктер болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын әлі де болса кең солтүстік-батыс антициклон анықтайтындықтан, алдағы күндері жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болады.

«Тек республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді», - делінген хабарламада.

Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда тұман түседі.