18.01.2023
20:39
1773
Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Қазгидромет 19-21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс кең антициклон Қазақстанның синоптикалық жағдайына әлі де өз әсерін сақтап, ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек елдің шығысында, солтүстік-шығысында қар жауады.

Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді. Түнде және таңертең аяз сақталады, бірақ күндіз күн жылына бастайды.