Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

7 Желтоқсан 2022, 21:30 2556

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті

Синоптиктер 7-10 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бірқатар өңірде аяздың біртіндеп әлсіреуі күтілуде.

батыста түнде -5...-15°С, күндіз 0...-5°С дейін;

солтүстікте түнде -18...-28°С, күндіз -12...-17°С дейін;

орталықта және шығыста түнде -22...-30°С, күндіз -13...-20°С дейін;

оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде -13...-25°С, күндіз -8...-18°С дейін.

«Ел аумағының басым бөлігінде негізінен құрғақ ауа райы сақталады. Республиканың шығысында, орталығында және оңтүстігінде қар жауып, аздаған бұрқасын болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында кей жерлерде қалың қар жауады», - делінген хабарламада.

EL.KZ
Бөлісу: