27.01.2025
13:51
1032
Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжамынша, кезекті солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер елдің басым бөлігінде, 28 қаңтарда елдің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа райының тұрақсыз сипатына алып келеді.

Республиканың қалған аумағында қар, ылғалды қар және жаңбыр түрінде әр түрлі фазада жауын-шашын болжанады. ҚР бойынша тұман, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында боран, республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.Температуралық фонда күрт өзгерістер күтілмейді.